Жаңалықтар

26.11.2015
Кеңейтілген жиында мәселелер талқыланды

Сейсенбі күні қала басшысы Әнуар Омардың төрағалығымен әкімдікте кезекті кеңейтілген аппараттық жиын өтті. Оның күн тәртібінде діни экстремизмнің алдын алу, қысқы уақытта төтенше жағдайлардың алдын алу және желтоқсан айындағы мемлекеттік мерекелерге дайындық барысы пысықталды.
Соңғы уақытта әлем жұртшылығын террроризм мәселесі аса алаңдатып отыр. Күні кеше Парижде болған жантүршігерлік террорлық әрекеттерден кейін қауіпсіздік мәселесі өткір болып отыр. Аппараттық жиында Сәтбаев қалалық ішкі істер бөлімінің экстремизммен күрес бойынша бөлімшесінің бастығыА.Хамитовқаламыздағы тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында атқарылып жатқан жұмыстардың жайын актив алдында баян етті. Қала басшысы Ә.Серікбайұлы діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуда аса сақтық шаралары қажет екенін қатаң ескертті. Бұл орайда мекеме, кәсіпорындар және халық көп жиналатын жерлердегі күзет мәселесіне ден қойылу қажеттілігі де тапсырылды.
Жиынның күн тәртібінде қысқы уақытта төтенше жағдайлардың алдын алу мәселесі де жан-жақты пысықталды. Осы бағытта өткізілген оқу-жаттығу жұмыстарының нәтижесі не берді, қай мекеменің тарапынан кемшіліктер туындағаны да сөз болды. Кәсіпорын, ұйымдардың материалдық-техникалық жарақтандырылуы да әңгіме өзегіне айналып, жалпы төтенше жағдайларды болдырмаудың жолдары қарастырылды.
Желтоқсан айында еліміз маңызы зор екі мемлекеттік мерекені атап өтеді. 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні және 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күніне орай қаламызда бірқатар іс-шаралар жоспары бекітіліп отыр. Мереке күніне орай түрлі мәдени шаралар, салтанатты жиындар және қайырымдылық акциялары ұйымдастырылмақ. Сондай-ақ бой көтерген жаңа нысандар қолданысқа берілмек. Қала басшысы Ә.Серікбайұлы ұлтымыз үшін қадір-қасиеті жоғары тұрған қос мерекелердің маңызын атап өтті. Мемлекеттік мерекелерді жоғары деңгейде өткізу мәселесіне көңіл бөлу қажеттігін айтып, оның мән-маңызына басымдық берілуді де талап етті. Келе жатқан жаңа жыл мерекесіне дайындық Тәуелсіздік күнінен кейін бастау алсын деген тапсырма беріп, орталыққа қойылатын жасыл шырша үстіміздегі жылдың 18 желтоқсанында орнатылатынын жеткізді.
Жиын соңында күн тәртібінде көтерілген мәселелер егжей-тегжей талқыланып, жауапты тұлғаларға міндеттер мен тапсырмалар жүктелді.
Сәтбаев қаласы әкімінің баспасөз қызметі.


Вернуться назад