Жаңалықтар

26.11.2015
Саусақ бірікпей, ине ілікпейді

Елдің экономикасын дамытудағы орта және шағын кәсіпкерліктің алатын орны күн санап артып келе жатқаны жасырын емес. «Жалғыз ағаш орман еместігін» ұғынған ел кәсіпкерлері «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасының аясына біріккені де мәлім. Қазір аталған Палатаның филиалдары құрылып, жемісті еңбек етуде.

Бірақ, жұмысты ширата түсу, кездесетін қиындықтарды бірлесіп шешу мақсатында кәсіпкерлерге өзара іс-қимылды әркез үйлестіре білген де дұрыс. Мұның Жезқазған – Ұлытау аймағы кәсіпкерлеріне де қатысы бар. Жуырда «саусақ бірікпей, ине ілікпейтінін» жақсы білетін Жезқазған, Сәтбаев қалары мен Ұлытау ауданының кәсіпкерлері бас қосып, орта және шағын бизнестің алдында тұрған мәселелерді талқылады. Олар сол мәселелерді жылдам әрі оңтайлы шешу үшін күш біріктіру қажеттігін де атап өтті. Кездесу барысында кәсіпкерлер Аймақтық орта және шағын бизнесті дамыту жөніндегі комитет құруға келісті.

«Атамекен» ҰКП Қарағанды облыстық филиалының ұйымдастыруымен өткен Жезқазған, Сәтбаев және Ұлытау кәсіпкерлерінің осы кездесуінде Аймақтық орта және шағын бизнесті дамыту жөніндегі комитет құрылды. Комитет төрағасы болып белгілі кәсіпкер, Жезқазған қалалық мәслихатының депутаты Бекзат Алтынбеков сайланды.

(Өз тілшіміз).


Вернуться назад