Жаңалықтар

15.04.2015
Көтерілген мәселелер бойынша тапсырмалар берілді

Жезқазған, Сәтбаев қалалары мен Ұлытау ауданын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2012-2020 жылдарға арналған кешенді жоспарының  орындалысы туралы экономика және қаржы бөлімінің басшысы Е.Сәкеев баяндап берді. Жиында қала басшысы кешенді бағдарламаның түрлі тармақтары  бойынша атқарылуы тиіс жұмыстардың  барысы туралы сұрастырып, бүгінгі дағдарыс салдарынан өзгеріске  ұшырайтын кейбір жобаларды нақтылап алу қажеттігіне тоқталды. Өйткені еліміздегі қаржыны  үнемдеу бағытында атқарылып жатқан шараларға сәйкес  Кешенді бағдарламада жоспарланған жобалардың  ішінде биылғы жылы жүзеге асырылмайтын жұмыстар бар. Мысалы, индустриалдық парк салу сынды ірі жобалар солардың қатарында.

     Әнуар Серікбайұлы сондай-ақ осы бағдарлама бойынша қаржыландырылатын  кәсіпкерлік нысандарының құрылыс  жұмыстарының  қашан аяқталып, пайдалануға берілетіні жөнінде кестелік жоспардың болуын талап етті.    

      Күн тәртібінде қаралған екінші мәселе қалалық мұрағаттың 2014 жылы атқарған қызметі мен 2015 жылғы жоспарларына арналды. Бұл жөнінде мұрағаттың директоры А.Төлендина қала активіне есеп берді. 1930 жылдардан бері 67000 бірлік құжат жиналған  қалалық мұрағатта сақталып тұрған құжаттардың бүгінгі жағдайы, сапасы, сақталуы да жиын барысында кеңінен талқыланды. Мұрағатқа тапсырылуы тиіс құжаттарды өткізбеген мекеме басшыларының тарапына қатаң ескертулер айтылып, бұл бағыттағы жұмыстарды атқаруда салғырттықа жол берілмеуі қатаң ескертілді.

  Аппараттық жиында сондай-ақ қала өміріне қатысты өзге де мәселелер қарастырылды. Олардың басым бөлігі тұрғындардың денсаулығына, қаңғыбас иттерді аулау сынды мәселелерге арналды. Жиын соңында күн тәртібінде көтерілген сұрақтар бойынша жауапты тұлғаларға тапсырмалар беріліп, міндеттер жүктелді.  

Сәтбаев қаласы әкімінің баспасөз қызметі.  


Вернуться назад