Жаңалықтар
15.04.20159 көпқабатты үй, 1 мектеп салынбақ
Биыл Сәтбаев қаласында 9 бес қабатты үйдің және 1 мектептің құрылысы басталады.
Жаңа құрылыс нысандары 6 ықшамауданда жүргізіледі. Қала орталығына жақын орналасқан бұл ықшамауданда бой көтеретін тұрғын үй құрылысына инженерлік инфрақұрылымдарын қоса есептегенде 6 666,7 млн. теңге қарастырылып отыр. Сондай-ақ жалпы құны 1 266,8 млн теңге болатын 600 орындық мектептің құрылысы да биылғы жылы басталады деп күтілуде.
Атап өтейік, бұл құрылыс жұмыстары Жезқазған, Сәтбаев қалалары мен Ұлытау ауданын әлеуметтік-экономикалық дамытудың Кешенді жоспарына сай Сәтбаев қаласына жақын жатқан елді-мекендерді көшірудің екінші кезеңі бойынша жүзеге асырылмақ.
Сәтбаев қаласы әкімінің баспасөз қызметі.
- 09.12.2019 Подробнее
Қазақстандықтар жылжымайтын мүліктің техникалық паспортын онлайн ала алады
Жылжымайтын мүлік иелері бұдан былай нысандарының (пәтерлер, жатақхана бөлмелері, жеке гараждар мен саяжайлар) техникалық паспортының электронды нұсқасын онлайн рәсімдей алады. Цифрлық жаңашылдықты «Азаматтарға арналған үкімет» пен «Ұлттық ақпараттық технологиялар» жүзеге асырып отыр.
- 09.12.2019 Подробнее
Батыр қыздан бір үзік сыр
Осы аптада «Жанұядағы жылылық» бағдарламасына бүгінгі күннің батыр қызы, ерекше жан Ақбөкен Серікқызын қонаққа шақырдық.