Жаңалықтар

08.01.2019
Мұнайдың әлемдік бағасы өсті

Дүйсенбі күні Лондон мен Нью-Йорк биржаларында өткен сауда-саттық қорытындысы бойынша мұнай бағасы көтерілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Лондондағы ICE Futures биржасында наурыз айында жеткізілетін Brent маркалы мұнайдың фьючерстері 0,15 долларға көтеріліп, бір баррельінің құны 57,57 долларды құрады. Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) ақпан айында жеткізілетін WTI маркалы мұнай бағасы 0,56 долларға артып, баррелінің бағасы 48,52 доллар болды.


 https://www.inform.kz/kz/munaydyn-alemdik-bagasy-osti_a3485923


Вернуться назад