Жаңалықтар

10.01.2019
ҚХЛ: «Барыс» - «Куньлунь РС» матчын қашан және қайдан көруге болады

ҚазАқпарат - Астаналық «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасының кезекті матчы аясында Қытайдың «Куньлунь РС» клубын қабылдайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап. Ойын бүгін Астана уақытымен 19:30-да басталады, оны Qazsport телеарнасы тікелей эфирден көрсетеді. Кездесу сыйымдылығы 12 000 адамды құрайтын елордадағы «Барыс Арена» стадионында өтеді. Айта кетейік, «Барыс» қазіргі таңда Шығыс конференцияда төртінші орында тұр. Оның активінде 65 ұпай бар. Андрей Скабелканың командасы негізгі уақытта 23 рет,  овертайм мен буллиттер сериясында үшеуден жеңіске жетті, шайбылар саны - 144:113.   


https://www.inform.kz/kz/khl-barys-kun-lun-rs-matchyn-kashan-zhane-kaydan-koruge-bolady_a3486639


Вернуться назад