Жаңалықтар

11.02.2019
Сәтбаев қаласының жергілікті бюджетінің қаражаты есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілерінің арасында «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымының бос орнына орналасуға ішкі конкурс өткізу туралы хабарлама

Конкурсқа қатысушылардың барлығыны қойылатын жалпы біліктілік талаптар:

 

E-R-3 санаты үшін: жоғары білім;

         Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

 2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;

3) Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес;

4) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

5) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес;

6) жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

7) ғылыми дәрежесінің бар болуы.

- Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 21 желтоқсанда №14542 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы №85 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарын сәйкес ( Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2018 жылғы 27 желтоқсандағы №289 бұйрығымен бекітілген енгізілген өзгерістер мен толықтырулар).

Әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық жалақылары:

 

Санаты

Қызмет өткерген жылдарына байланысты лауазымдық жалақысы

 

min

Max

Е-R-3

96607

129920

 

«Сәтбаев қаласы әкімінің аппараты» ММ (101302, Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласы, Қ.И.Сәтбаев даңғылы, 108, анықтама үшін телефон: (871063) 4-00-19, факс (871063) 4-00-19; электрондық пошта: satpaevakim@mail.ru) мемлекеттік әкімшілік лауазымының бос орынына орналасуға конкурс жариялайды:

«Сәтбаев қаласының құрылыс бөлімі» ММ секторының меңгерушісі(1 бірлік, №11-2, Е-R-3 санаты).  

Функционалдық міндеттері:Бекітілген ережелерге сәйкес бухгалтерлік есепті жүргізеді.Түскен қаражаттың, тауар, материалдық құндылықтардың және негізгі құралдардың есебін жүргізеді, сонымен қатар олардың қозғалысы бойынша операциялардың бухгалтерлік есепте көрсетілуін қамтамасыз етеді.Мемлекеттік бюджетке, әлеуметтік салықтар мен әлеуметтік сақтандыру бойынша төлемдерді есептеп, олардың уақытылы төленуін қамтамасыз етеді.Алғашқы құжаттар және бухгалтерлік жазулар негізінде нақты бухгалтерлік есепті әзірлейді. Тауарлар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырады және өткізеді. Бюджеттік өтінімдер, оларға түсініктеме жазбаларды әзірлейді. Қаржы-шаурашылық есеп, негізгі қорларды, материалдарды, ЖЖМ, қаржыны, шығыстар сметасының орындалуы , баланс, бухгалтерлік және статистикалық есептер бойынша бөлім басшысымен бірге кешенді жұмысты бақылайды. Бюджеттік қаржыны жоспарлау және бөлуге қатысады, жобалық-барлау жұмыстарын әзірлегенде, бюджеттік қаржыны несиелендіру есебінен мемлекеттік коммуналдық (жалдамалы) тұрғын үйлердің және тнжерелі-коммуникациялық инфрақұрылымның құрылысына қала бюджетін жоспарлауға қатысады. Бюджеттік өтінімдерді, түсініктеме жазбаларды және бюджеттік бағдарламалардың төлқұжатын әзірлейді.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын  талаптар:    

Білімі –жоғары «әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» мамандықтары бойынша (экономика, есеп және аудит, қаржы); Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу», «Мемлекеттік қызметтер туралы», «Сауда қызметін реттеу туралы» Заңдарын,«Қазақстан -2050»: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты Стратегиясын  білуі.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар (уәкілетті орган белгілеген үлгі бойынша өтініш; тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін отыз күнтізбелік күн ішінде расталған қызметтік тізім) ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру мемлекеттік органның және уәкілетті органның интернет-ресурстарында соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап 3 жұмыс күнінің ішінде ұсынылуы тиіс.

Конкурстық комиссияның қарауына құжаттарды қабылдау мерзімінде азаматтар құжаттарын хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы немесе «Е-қызмет» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі арқылы жіберген құжаттар қабылданады.

Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық  почтасы арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде «Сәтбаев қаласы әкімінің аппараты» MM-де өтеді. Аталмыш лауазымдарға орналасатын үміткерлер үшін көтермеақы шығындары, тұрғын үй және жеңілдіктер берілмейді.

Қағидаларының 91- тармағына сәйкес Басқарушы лауазымдарына үміттенген кандидаттар конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыптар тізімінен бір эссені жазады. Эссе Комисиямен бағаланады. Эссені жазу уақыты 45 минуттан аспау керек.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады, сонымен қатар, тар шеңберде мамандырылған лауазымдарға конкурсты өткізген жағдайда мемлекеттік орган басшысының келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.

Конкурстық комиссияның отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың жәнесаяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілеттіорганның қызметкерлері қатыса алады.

Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламенті және мәслихаттарының депутаттары қатыса алады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Б» корпусының мемлекеттік

әкімшілік лауазымына

орналасуға конкурс өткізу

қағидаларының 2-қосымшасы

                                                                                                             Нысан

 

 (мемлекеттік орган)

 

 

Өтініш

 

 

 

Мені________________________________________________________

____________________________________________________________

_______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуконкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс

өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін жәнеорындауға міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:

____________________________________________________________

____________________________________________________________

____________________________________________________________

____________________________________________________________

____________________________________________________________

____________________________________________________________

____________________________________________________________

 

Мекен жайы және байланыс

телефоны___________________________________

_________________________________________________________________

________            ____________________________________

(қолы)                 (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

«___»_______________ 20 __ ж.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Вернуться назад