Жаңалықтар

25.04.2019
Тағылымды сайыс

Жуырда Сәтбаев қаласының №33 «Күншуақ» бөбекжай балабақшасында «Сыбайлас жемқорлық – қоғам дерті» тақырыбында мекеме қызметкерлерінің қатысуымен эссе, өлең жазудан сайыс өтті.

Сайысқа 11 жұмыс келіп түсті. Оларды мекеме басшысы, тіл мамандарынан тұратын топ сараптап, үздіктерін таңдады. Қорытындысы бойынша Оразбаева Мархабат жолдаған эссе озық деп танылып, «Даналық тағылымы» номинациясына ие болса, Қожантай Айман – «Көркем сөз», Азамат Илигай «Шыншыл сөз» номинациясына ие болды.

Үздіктер мақтау қағаздарымен марапатталды. Мекеме басшысы Ж.Темирбекова осындай өзекті және тәрбиесі мол іс-шараның өтуіне белсене қатысқан балабақша ұжымына алғысын айтып, шығармашылық табыс тіледі.

А.Бекетаева,
бөбекжай балабақшаның
тіл маманы.


Вернуться назад