Жаңалықтар

12.06.2019
«Маэстро» мерекелік дастархан жайды

1 маусым – Балаларды қорғау күні. Бұл балғын бүлдіршіндеріміз үшін ең қуанышты және жыл сайын күтетін басты мерекелерінің бірі. Қызыққа толы мерекеден қаламыздағы мүмкіндігі шектеулі балғындар мен көп балалы отбасылардың бүлдіршіндері және Жезқазған қаласындағы М.Құлышева атындағы балалар үйінің тәрбиеленушілері де қалыс қалмады.

Сәтбаев қалалық мәслихат депутаты Қ.Балмағанбетовтың мұрындық болуымен, қалалық меценаттар клубының төрағасы М.Бақбергенова, Сәтбаев қаласының жеке кәсіпкері, «Даму» дизайн студиясының директоры Ш.Жангаскинова, Жезқазған қаласының жеке кәсіпкері Т.Кацапова және «Маэстро» мейрамханасының әкімшілігінің бірлескен жұмысының нәтижесінде жоғарыда аталған балалар үшін 1 маусым күні «Маэстро» мейрамханасының төрінде қайырымдылық, мерекелік дастархан жайылған болатын.

Мерекелік басқосуда балғындар тек қана дастархан басында отырмай, кештің қызықты өтуіне атсалысып, мейрамхана әкімшілігінің ұйымдастырған пицца дайындау бойынша шеберлік сыныбына қатысып, ұйымдастырушылар атынан арнайы сертификаттарға ие болды. Сонымен қатар, кешке қатысқан әрбір балаға барлық ұйымдастырушылар тарапынан бағалы сыйлықтар үлестірілді.
Шара барысында «Сәтбаев қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ директорының орынбасары Асқар Шоқпытов Сәтбаев қаласы әкімі А.Ыдырысовтың атынан мейрамхана директоры Гүлжанат Сапарғалиқызына балғындарға әрдайым қайырымдылық шарасын ұйымдастыруда өзіндік үлесін қосқаны үшін Алғыс хат табыс етті.

Алтынгүл ТӨЛЕГЕНОВА.
Сурет автордікі.


Вернуться назад