Жаңалықтар

09.07.2019
Хабарландыру

2019 жылдың 11 шілдесінде сағат 14.30 да  «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес ұйым акционерлік қоғамының Қарағанды облысы бойынша филиалының халыққа қызмет көрсету бойынша Сәтбаев қаласының  бөлімінде  «Мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі» өткізіледі.

Аталған іс-шара Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің бастамасымен өткізіледі.

Жәрмеңкені өткізу мақсаты мемлекеттік қызмет көрсету сұрақтары бойынша халыққа кеңестік - әдістемелік жәрдем беру, сонымен қатар мемлекеттік қызметтерді әйгілендіру.

Жәрмеңкеде халыққа қызмет көрсету орталығы қызметтің әр саласында аса талап етілген мемлекеттік қызметтерді көрсететін мемлекеттік органдар өкілдері қатысады.

Жәрмеңкеге қатысушылар мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі бойынша ақпараттар ала алады және мемлекеттік тіркеу, жер қатынастары, сәулет, білім, халықты әлеуметтік қорғау, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық және азаматтардың хал актілерін тіркеу, кәсіпкерлік және ауыл-шаруашылық, ветеринария және көші-қон саласында мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік органдары жағынан кәсіптік кеңестік - әдістемелік жәрдем алуға мүмкіндіктері болады.

 


Вернуться назад