Жаңалықтар

10.07.2019
Жазғы демалыс қызықты өтуде

Бүгінгі таңда кітапханаларымыздың жұмысында жас ұрпақты өз халқының рухани қазынасымен, ұлттық тәрбиенің озық, өнегелі дәстүрімен тереңірек таныстыру, соның негізінде егемен еліміздің болашақ ұлтжанды азаматын тәрбиелеу көзделген. Осы орайда кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету бөлімдерінің қызметкерлері балабақша, жазғы балалар демалыс лагерімен, ата-аналармен бірлесе жұмыс атқаруда.

Кітапхана жазғы демалыс уақытында тұрғындар үшін білімін кеңейтетін орталық қана емес, сонымен қатар, шығармашыл топтардың демалыс және басқосу орны болып отыр. Кітапхана кішкентайдан кітап оқуға үйрететін «Кітаппен бірге өсеміз!» бағдарламасы, «Мен жастарға сенемін» әдеби караоке, «Білім көзі кітапта» буккроссинг, «Кітаппен өткен жаз қызық»,«Біз бақытты баламыз», «Мен қалай демаламын» атты акциялар, «Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ» викторина, «Әлемде талай қызық бар» мобильді кітап көрмесі жазғы оқу бағдарламасы аясында жұмыс жүргізіп келеді. Мектеп жанындағы лагерьлер мен балалар бақшасына библиодесанттар ұйымдастырылып тұрады. Жүргізіліп отырған барлық жұмыс оқырмандарды дамытуға бағытталған.

«Коворкинг» залы қашанда қызыққа толы. Бұл жерде кішкентай оқырмандармен дамытушы әдеби ойындар, конкурстар, викториналар, рольге бөліп оқулар ұйымдастырылады. Ал ойындарда кішкентай білімді бүлдіршіндерді жеңіске жетуге жетелейтін қызықты энциклопедиялар, трансформер-кітапшалар және түрлі бағдарламалар бар. Біздің кітапханамыздың жұмысында ұлтымыздың тарихын, тілін, салт-дәстүрін, мәдениеті мен әдебиетін насихаттайтын шаралар әлі де жалғасын таба бермек.

А.Сарина,
оқырмандарға қызмет
көрсету бөлімінің жетекшісі.


Вернуться назад