Жаңалықтар

16.07.2019
Төменгі лауазымдар болып табылатын «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымдарының бос орындарына орналасуға жалпы конкурс өткізу туралы «Сәтбаев қаласы әкімінің аппараты» ММ -нің хабарламасы

Төменгі лауазымдар болып табылатын «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымдарының бос орындарына  орналасуға жалпы конкурс өткізу туралы «Сәтбаев қаласы әкімінің аппараты» ММ -нің   хабарламасы

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

 

E-R-4 санаты үшін: Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану,  адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделдік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару.

 Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

- Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 21 желтоқсанда №14542 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы №85 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарын сәйкес (Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2018 жылғы 27 желтоқсандағы №289 бұйрығымен бекітілген енгізілген өзгерістер мен толықтырулар, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде №18063 болып тіркелген).

Әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық айлық ақылары:

Санат

Жұмыс өтіліне байланысты лауазымдық айлық ақы

min

max

E-R-4

95 210

128 834

«Сәтбаев қаласы әкімінің аппараты» ММ (101302, Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласы, Қ.И.Сәтбаев даңғылы, 108, анықтама үшін телефон: (871063) 4-00-19, факс (871063) 4-00-19; электрондық пошта: satpaevakim@mail.ru) бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға конкурс жариялайды:

1) «Сәтбаев қаласының кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімі» ММ  бас маманы (1 бірлік, № 12-4, E-R-4 санаты).

Функционалдық міндеттері: Өз құзыреті шегінде кәсіпкерліктің даму және қолдау саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты жүзеге асырады. Маркетингтік зерттеулер жүргізеді және тұтыну нарығының жағдайын талдайды. Нормативтік актілердің орындалуы туралы ақпаратты жедел қадағалайды және дайындайды, азаматтар мен шаруашылық жүргізуші субъектілерге қадағалауға жататын мәселелер бойынша кеңес береді, азаматтардың жазбаша өтініштері мен шағымдарымен жұмыс істейді, бағалардың өсуін болдырмауды қамтамасыз ету және инфляциялық процестерді тежеу бойынша жұмыстар жүргізеді. Бөлімнің құзыреттілігінің шегінде кәсіпкерліктің қолдау және даму саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты жүзеге асырады. Еңбек ресурстарын тиімді пайдалану, қосымша жұмыс орындарын құру жөніндегі жұмысты үйлестіреді. Инвестициялық ұсыныстарды қалыптастыру үшін шағын кәсіпкерлік субъектілеріне арналған бизнес-жобаларды іріктеуді жүзеге асырады. Жобаларды несиелендіру мәселелері бойынша шағын бизнес субъектілерімен кеңес беру жұмыстарын жүргізеді. Бөлімнің құзыретіне жататын мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлейді. Заңды тұлғаларды мемлекеттік тізілімінен шығару және жұмыс істемейтін кәсіпорындардың жұмысын жою бойынша жұмыстар атқарады. Ақпараттық-аналитикалық жұмыстың, мониторингтің  нысандары мен әдістерін біледі. ШОБ субъектілерінің мемлекеттік бағдарламаларын субсидиялау бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетеді. Азық-түлік тауарлары мен қызмет көрсету саласда бағалар мониторингін жүргізеді. Тұтыну нарығы кәсіпорындарының жұмысына қатысты ақпарат, талдау және болжауды дайындайды. Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар, сауда, тамақтану, жанар-жағармай материалдары мәселелерін тұрақтандыру, саудалық және азық-түлік қызметін ұйымдастыру және жүзеге асыру үшін барлық қажетті құжаттарды дайындау жұмыстарын ұйымдастырады. Кәсіпкерлік саласына шетелдік және отандық инвестицияларды тартуға ықпал етеді. Еңбек ресурстарын тиімді пайдалану, қосымша жұмыс орындарын құру жұмыстарын үйлестіреді. Тұтыну нарығының дамуын жоспарлайды. Кіші және орта бизнес кәсіпорындарын құрады және жаңартады. Тауар нарықтарындағы сұраныс пен ұсыныстарды, сауда конъектурасын және қаланың тұтыну нарығының жағдайын зерттейді, оның дамуына қатысты ұсынымдар мен болжамдар әзірлейді. Қаланың сауда инфрақұрылымын дамыту бойынша шараларды әзірлейді және жүзеге асырады. Жетекшілік ететін мәселелер бойынша кездесулерге, штабтарға, кездесулерге және басқа да іс-шараларға қатысады. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 165-бабына сәйкес (белгіленген орындардан тыс жерлерде), материалдарды сотқа дайындау, ресімдеу және өткізу жөніндегі барлық рәсімдерді жүзеге асырады. Өз құзыреті шегінде қаладағы (әлеуметтік, саяси, мәдени, қайырымдылық) барлық іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге тікелей қатысады.

Білімі – жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім «әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» мамандықтары бойынша (экономика, есеп және аудит, қаржы, маркетинг, статистика, мемлекеттік және жергілікті басқару). Жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік «қызмет көрсету, экономика және басқару» мамандықтары бойынша (экономика (салалар бойынша), есеп және аудит (салалар бойынша), қаржы (салалар бойынша), маркетинг (салалар бойынша), статистика, мемлекеттік және жергілікті басқару) білімге рұқсат етіледі; Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңдарын, Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексін және осы санаттағы нақты лауазым мамандығына сәйкес облыстағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, «Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты: «Қазақстан-2050» Стратегиясын білу.

 

2) «Сәтбаев қаласының кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімі» ММ  бас маманы (1 бірлік, № 12-7, E-R-4 санаты).

Функционалдық міндеттері: Емтихан қабылдап, тракторшы-машинист куәлігін береді. Ауылшаруашылық техникасын, тіркемелерді және техниканы тіркейді және есепке қояды. Арнайы автокөліктер мен қосалқы бөлшектерге кепілдік берудің жай-күйін бағалайды. Ауылшаруашылық техникасын мемлекеттік техникалық байқаудан өткізеді. Автокөлік құралдарының жыл сайын мемлекеттік техникалық байқауына жетекшілік етеді. Автокөліктер мен қосалқы бөлшектердің жағдайын белгіленген стандарттар мен қауіпсіздік талаптарына сәйкестімен бағалайды. Құжаттардың жыл сайынғы техникалық тексерулерге сәйкестігін бақылайды. Өсімдіктерді қорғау және карантинге байланысты жұмыстар кешенін ұйымдастырады және жүргізеді. Ауылшаруашылық техникасын субсидиялау бойынша мемлекеттік қызметтерді ұсынады. Белгіленген аумақта абаттандыру және көгалдандыру саласындағы ісшараларды жүзеге асырады. Агроөнеркәсіп кешенін мемлекеттік қолдау бойынша республикалық бағдарламаларды жүзеге асырады.

Білімі – жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім «ауылшаруашылық ғылымдар» мамандықтары бойынша (аграрлық техника және технология, ауылшаруашылық механикаландыру) немесе  «техникалық ғылымдар және технологиялар»  (біліктілігі инженер - механик). Жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік «ауылшаруашылық, ветеринария және экология» мамандықтары бойынша (ауылшаруашылығы техникасын техникалық қызмет көрсету және жөндеу, ауылшаруашылық механикаландыру) немесе «техникалық ғылымдар және технологиялар»  (біліктілігі инженер - механик) білімге рұқсат етіледі; Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңдарын, Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексін және осы санаттағы нақты лауазым мамандығына сәйкес облыстағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, «Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты: «Қазақстан-2050» Стратегиясын білу.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) осы хабарландырудың №1 қосымшаға сәйкес үлгі бойынша  өтініш;

2) осы хабарландырудың №2 қосымшаға сәйкес 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен бекітілген нысанда толтырылған "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтiк тiзiмі;

3) бiлiмi туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

"Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшiрмелерiне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.

  "Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген бiлiмi туралы құжаттарға "Халықааралық бағдарламалар орталығы" Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.

   Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын бiлiмi туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі;

   4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған немесе жұмыс орнынан кадр қызметімен куәландырылған көшiрмесi;

   5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейін алты айдан аспайтын уақытта берілген 086/е нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

   6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

   7) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген "Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

   8) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген "Наркологиялық ұйымнан анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

Осы Қағидалардың 76-тармағының 3), 4), 5), 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі.

Бұл ретте, персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.

Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) "Е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі арқылы кандидаттың:

1) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификаттың;

2) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы қорытындының бар болуын тексереді.

Егер азамат еңбек қызметін жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтілі талап етілмейтін жағдайда еңбек қызметін растайтын құжаттың көшiрмесiн ұсыну талап етілмейді.

Жоғарыда көрсетілген құжаттар осы жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап  7 жұмыс күнінің ішінде ұсынылуы тиіс.

Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар «Сәтбаев қаласы әкімінің аппараты» ММ-не құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттар электронды «Сәтбаев қаласы әкімінің аппараты» ММ-не электрондық почтасы берілген жағдайда құжаттардың түпнұсқасы немесе нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi  әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі.

Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде «Сәтбаев қаласы әкімінің аппараты» ММ-де өтеді. Аталмыш лауазымдарға орналасатын үміткерлер үшін көтермеақы шығындары, тұрғын үй және жеңілдіктер берілмейді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отрысына байқаушылар шақырылады, сондай-ақ тар шеңберде мамандырылған лауазымдарға конкурсты өткізген жағдайда мемлекеттік органның басшылығының келісімімен, конкурстық комиссияның отырысына сарапшылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 Нысан

 

 

 

 

Өтініш

Мені________________________________________________________

____________________________________________________________

_______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс

өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

   Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

   Қоса берілген құжаттар:

____________________________________________________________

____________________________________________________________

____________________________________________________________

____________________________________________________________

____________________________________________________________

____________________________________________________________

____________________________________________________________

 

Мекен жайы және байланыс

телефоны___________________________________

__________________________________________________________________

________            ____________________________________

(қолы)                 (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

«___»_______________ 20 __ ж.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                                                                               

 

 

 

 

 

 

Нысан

 

«Б» КОРПУСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК

ЛАУАЗЫМЫНА КАНДИДАТТЫҢ ҚЫЗМЕТТIК ТIЗIМІ

ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК
КАНДИДАТА НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ ГОСУДАРСТВЕННУЮ ДОЛЖНОСТЬ КОРПУСА «Б»

_____________________________________________
тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда) /
фамилия, имя, отчество (при наличии)

ФОТО
(түрлі түсті/ цветное,
3х4)

_____________________________________________
лауазымы/должность, санаты/категория
(болған жағдайда/при наличии)

 

ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ

1.

Туған күні және жері/
Дата и место рождения

 

2.

Ұлты (қалауы бойынша)/
Национальность (по желанию)

 

3.

Оқу орнын бітірген жылы және оныңатауы/
Год окончания и наименование учебного заведения

 

4.

Мамандығы бойынша біліктілігі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы (болған жағдайда) /
Квалификация по специальности, ученая степень, ученое звание (при наличии)

 

5.

Шетел тілдерін білуі/
Владение иностранными языками

 

6.

Мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары (болған жағдайда) /
Государственные награды, почетные звания (при наличии)

 

7.

Дипломатиялық дәрежесі, әскери, арнайы атақтары, сыныптық шені (болған жағдайда) /
Дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин (при наличии)

 

8.

Жаза түрі, оны тағайындау күні мен негізі (болған жағдайда) /Вид взыскания, дата и основания его наложения (при наличии)

 

9.

Соңғы үш жылдағы қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау күні мен нәтижесі, егер үш жылдан кем жұмыс істеген жағдайда, нақты жұмыс істеген кезеңіндегі бағасы көрсетіледі (мемлекеттік әкімшілік қызметшілер толтырады)/
Дата и результаты ежегодной оценки эффективности деятельности за последние три года, в случае, если проработал менее трех лет, указываются оценки за фактически отработанный период (заполняется государственными служащими)

 

ЕҢБЕК ЖОЛЫ/ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ

Күні/Дата

қызметі, жұмыс орны, мекеменің орналасқан жері/должность, место работы, местонахождение организации

қабылданған/
приема

босатылған/
увольнения

 
     

 

_____________________
Кандидаттың қолы/
Подпись кандидата

 

_______________
күні/дата

       

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Вернуться назад