Жаңалықтар
09.08.2019Көшедегі кеш көңілді
Жастар ресурстық орталығы мен Ш.Ділдебаев атындағы Кеншілер сарайына қарасты мәдени-сауық орталығының ұйытқы болуымен кешкі уақытта жастардың һәм қала тұрғындарының бос уақытын тиімді пайдалану, кешкі серуенді қызықты өткізу мақсатында Мәңгілік ел көшесінде көңілді кеш ұйымдастырылды. Гитара-пати өрбіген шарада дойбы, шахмат, тоғызқұмалақ сынды бұқаралық спорт түрлері де ойнатылды.
Бүгінде орталықтағы Мәңгілік ел көшесі өнерсүйер қауымның жиі жиналатын көрікті орнына айналып келеді. Қала жастары, әсіресе әнге ынта-ықыласы артқан жасөспірімдер әдеттегі белгіленген жерге құштарлана келеді. Дәстүрлі шараға айналып келе жатқан көшедегі кеш бұл жолы гитара-пати мен бұқаралық спорт түрлерін ойнаумен ерекшеленді. Еске сала кетсек, осыдан екі апта бұрын ғана қала басшысы Асқар Ыдырысовтың өзі көшедегі бұл көрініске тәнті болып, жастармен бірге гитара шертіскен еді. Мұндай мәдени отырыстарды өткізудегі мақсат – жастардың бойында рухани құндылықтарды дамыту, бос уақытты тиімді өткізу арқылы жалпыхалықтық сипатта ету.
Кеште көңіл сергітер әндер шырқалып, ойын түрлері бойынша жарыстар өткізілді.
Әли МҰҢАЙТПАС.
Суреттер автордікі.
- 03.12.2019 Подробнее
Қыздар сұлу көрінер қылығымен
Отбасы институтын қолдау жобасы аясында Достық үйінің «Бақыт ұясы» жобасының тренерлер ұжымы Сәтбаев қаласының «Денсаулық» медициналық колледжінің студенттеріне «Қыздар сұлу көрінер қылығымен» атты психологиялық тренинг өткізді.
- 29.11.2019 Подробнее
Жас каратэшілер жеңісі
Қаламыздағы спорт мектебінің тәрбиеленушілері үздіктер қатарынан көрінді. Мамандандырылған олимпиадалық резервтегі балалар мен жасөспірімдер мектебінің жас спортшылары Нұр-Сұлтан қаласында өткен турнирде жүлделі орындарға ие болып, жалпыкомандалық есепте бірінші орынды қанжығаларына байлады.