Жаңалықтар

15.08.2019
Ғалымдар, жазушылар және қоғам қайраткерлері Қарағандыда өтетін «Тілдер мен мәдениеттер диалогы» форумына жиналады

Қарағандыда 16-18 тамыз аралығында «Тілдер мен мәдениеттер диалогы» атты форум-кездесу өтеді. Ол «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылады. Форумға қатысушылар қатарында – «Мұхтар Әуезов» қорының директоры, ғалым, қоғам қайраткері Мұрат Әуезов, тарих ғылымдарының докторы, профессор Марат Семби, Қазақстандағы Украинаның құрметті консулы, ғалым Ерлан Досмағамбетов болады.
Форум бағдарламасына – «Адам! Мың жыл бойы жалын мен суықтан өтіп келесің...», «...Адам болам десеңіз... Абай» панельдік пікірталастар өтеді. Талқылауларға іҚазақтың би-шешендерінің мұрасы» жобасының авторы Бақытқали Мұсабеков, «Социум.Тіл.Мәдениет» ҚҰ президенті, ғалым Нұрсұлу Букетова, зерттеуші-талдаушы, абайтанушы, құқықтанушы Марат Азбанбаев, философ-ғалым, қоғам қайраткері Байжол Кәріпбаев және басқалар қатысады.
Форум аясында «Әдеби клуб» ашылады. Оған құрметті қонақтар, сондай-ақ өңірде танымал жазушылар, ақындар, ғалымдар, журналистер, филологтар қатысады. Бағдарламада шығармашылық пен шабыт туралы әңгімелер, Қарағанды поэтикалық бірлестіктеріне қатысушылардың баяндамалары қарастырылған.
Кездесуге қатысушылар арасында ҚХА ҒЭҚ мүшесі, профессор Нұрсұлу Шаймерденова және «Ресейлік жоғары оқу орындарының түлектері» қазақстандық бірлестігінің президенті Жемма Аманжолова болады.
Форум күндері сондай-ақ кітап көрмесі ұйымдастырылады. Қонақтар мен қатысушылар Долинкадағы саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу мұражайында болып, Бұқар жырау Қалқаманұлының ескерткіш мемориалына барады.

Фото: karaganda-region.gov.kz


Вернуться назад