Жаңалықтар

23.08.2019
Құрметті кеншілер мен кен саласының ардагерлері!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз - кеншілер күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Кеншілер күні - бұл экономикамыздың тұрақтылығын, оның дамуы мен азаматтардың әл-ауқатын айқындайтын қажыр мен қайратты талап ететін  кәсіптің адамдарына арналған мереке. Дәл осындай ауыр жұмысты таңдаған азаматтар мен кеншілер әулеті болғандықтан, біздің өндіріс жұмыс қарқынды істейді, сөзсіз өңіріміз дамиды.

Бүгінгі таңда «Қазақмыс» корпорациясы өндірістік кәсіпорны аймағымызда жаңа өндірістер ашып, жаңа технологияларды енгізіп, өнімнің жаңа түрлерін шығарып, олардың сапасын жақсартуға және әлемдік нарықта бәсекеге қабілеттілікті арттыруға жол ашып отыр. Мұндай жоғары нәтижеге қол жеткізуге кеншілер мен жұмысшылардың ерен еңбегі әсер етіп отырғаны белгілі.

Біздің даңқты кеншілер әрдайым тау-кен ісіне адал болумен, ерекше қабілетімен, жаңа технологияларды игерумен және мыс өндірісінің рентабельділігін көтерумен ерекшеленеді. Кен саласының ардагерлеріне аймақтағы түсті металлургияны дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін ерекше алғыс білдіреміз.

Кеншілер мерекесінде  сала ардагерлеріне, инженерлер мен техникалық менеджерлерге және тау-кен өндірушілеріне зор денсаулық, шыдамдылық, ұқыптылық, қауіпсіздік, сенімділік тілейміз. Бақ-береке, шадыман шаттық тілейміз!
 

Сәтбаев қаласының әкімі                                                          А. ЫДЫРЫСОВ                    

Қалалық мәслихат хатшысы                                                    Т. ХМИЛЯРЧУК


Вернуться назад