Жаңалықтар

13.09.2019
Құрметті жерлестер! Қымбатты қала тұрғындары! Баршаңызды қала күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!

Қала күні – бұл жасқа, ұлтқа, дінге және кәсіпке қарамастан бәрімізді біріктіретін мереке. Сәтбаев қаласы тау-кен өндірісімен әйгілі, бұл оның құрылуы мен дамуына өлшеусіз үлес қосқан көптеген ұрпақтардың еңбегі. Біздің тағдырымыз әр қилы болса да, бәрімізді ортақ үйге деген сүйіспеншілік, оның тағдырына алаңдау біріктіреді.

   Біз Сәтбаев қаласында туып-өскен, қаланы салуға және дамытуға өлшеусіз үлес қосқандарды құттықтаймыз. Өз еңбектері, дарыны, қабілет-қарымы арқылы қаланың материалдық және зияткерлік әлеуетін нығайтуға және оның қарқынды дамуына үлес қосқан барлық азаматтарға алғыс айтамыз.

Сіздерге зор денсаулық, барлық игі істеріңізге табыс тілейміз. Қаланың туған күнін жыл сайын жаңа жетістіктермен атап өтетінімізге күмәніміз жоқ. Биыл қаланың 46 жылдығын атап өтетін қала тұрғындары үшін қала мерекесі әдемі естеліктерге толы болсын!

 

Сәтбаев қаласының әкімі               А.Ыдырысов

Қалалық мәслихат хатшысы         Т.Хмилярчук 


Вернуться назад