Жаңалықтар

08.10.2019
Тұрғындарды қабылдады

Өткен аптада қалалық «Нұр Отан» партиясының ғимаратында Сәтбаев қаласы әкімінің орынбасары Айгүл Төлендина жеке сұрақтары бойынша азаматтарды қабылдау өткізді.

Қала әкімі орынбасарының қоғамдық қабылдауына «Сарыарқа адалдық алаңы» жоба кеңсенің басшысы Малика Кусенбаева, Сәтбаев қаласының АХАЖ бөлімінің басшысы Алмаш Алимбаева, Жезқазған қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы Анварбек Оразбеков қатысты.

Қабылдауға жалпы 4 адам жазылып, өздерін толғандырған сауалдарға нақты жауаптар алды. Келіп түскен өтініштердің көбісі қоғамдық маңызы бар мәселелер. Олардың басым бөлігі баспана мәселесіне қатысты болса, қалғаны әлеуметтік көмек көрсету мен өзге де мәселелер төңірегіндегі сауалдар. Қабылдауға келген барлық азаматтардың сұрақтары бойынша Айгүл Төлендина әрбір азаматтың өтініштерін негізге ала отырып, өзі бақылауға алатынын жеткізді.


Вернуться назад