Жаңалықтар

10.04.2020
Қарағанды облысының барлық жергілікті атқарушы органдарының және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілері арасында «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымының бос және уақытша бос орнына орналасуға ішкі конкурс өткізу туралы «Сәтбаев қаласы әкімінің аппараты» ММ хабарландыруы

 

Қарағанды облысының барлық жергілікті атқарушы органдарының және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілері арасында «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымының бос және уақытша бос орнына орналасуға ішкі конкурс өткізу туралы «Сәтбаев қаласы әкімінің аппараты»  ММ хабарландыруы

 

Конкурсқа қатысушылардың барлығыны қойылатын жалпы біліктілік талаптар:

Е-R-2 санаты үшін: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық.
          Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, В-6, С-5, C-O-6, C-R-3, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-3, E-G-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, В-6, С-5, C-O-6, C-R-3, D -5, D-O-5, Е-4, E-R-3, E-G-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;

3) А-5, В-6, С-5, C-O-6, C-R-3, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-3, E-G-2 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

4) мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

5) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік орган болып табылмайтын басшылық лауазымдарда бір жылдан кем емес;

6) жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

7) ғылыми дәрежесінің болуы;

8) Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.  

- Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 21 желтоқсанда №14542 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы №85 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарын сәйкес.

Әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық жалақылары:

 

Санаты

Қызмет өткерген жылдарына байланысты лауазымдық жалақысы

 

min

Max

Е-R-2

305771

398831

 

«Сәтбаев қаласы әкімінің аппараты» ММ (101302, Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласы, Қ.И.Сәтбаев даңғылы, 108, анықтама үшін телефон: (871063) 4-00-19, факс (871063)4-00-19; электрондық пошта: satpaevakim@mail.ru, ең көп рұқсат етілген файл өлшемі (30MB)) мемлекеттік әкімшілік лауазымының бос орынына орналасуға конкурс жариялайды:

«Сәтбаев қаласының тұрғын үй-коммуналды шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын-үй инспекциясы бөлімі» ММ басшысының орынбасары (1 бірлік, № 10-2, ЕR-2 санаты).  

Функционалдық міндеттері: Бөлім жұмысына жалпы басшылық жүргізеді және бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына жауапты, қызметкерлердің жұмысын мотивациялайды. Облыстық және республикалық бюджеттен бөлінген ағымдағы трансферттердің игерілуін қадағалайды. Бюджеттік өтінімдерді, түсініктеме және бюджеттік бағдарлама төлқұжаттарын әзірлеу бойынша жұмысты ұйымдастырады. Ғимарат, құрылыс, инженерлік және көліктік коммуникцияларды техникалық тексеру, нысандарды постутилизациялау, консервациялау бойынша жұмыс жүргізуде қатысады. Жеке және заңды тұлғалардың өтініші бойынша жұмысты ұйымдастыруды қадағалайды. Аудан (облыстық маңызы бар қалалар) бюджетін дамытуға бағытталған құрылысқа және (немесе) сатып алуға: мемлекеттік коммуналдық (жалға берілетін) тұрғын-үй, бюджеттік қаржыны несиелеу арқылы, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын мақсатты трансферттердің игерілуіне мониторинг және бақылау жүргізеді.

Қолданыстағы заңнамаға қайшы келмейтіндей қалалық және басқа да кәсіпорындармен, мекемелер мен ұйымдармен қарым-қатынаста қала аумағын және кенттерді санитарлық тазалау мен абаттандыру жұмысын ұйымдастырады. 

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын  талаптар:    

Білімі – жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары «техникалық ғылымдар және технологиялар» мамандықтары бойынша (көлік, көліктік техника және технологиялар, жылу энергетикасы, электр энергетикасы, жылу газбен жабдықтау және жеделдету, автомобиль және автомобиль шаруашылығы, электрмен жабдықтау және электрлендіру, құрылыс, құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру, өмір қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау), «қызмет көрсету» мамандықтары бойынша (көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру) немесе «әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» мамандықтары бойынша (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару) мамандықтары бойынша; Қазақстан Республикасының «Тұрғын-үй қатынастары туралы» Заңын және осы санаттағы нақты лауазым мамандығына сәйкес облыстағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, «Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты: «Қазақстан-2050» Стратегиясын білу. 

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1.1 қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш;

2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 21 қазандағы № 14 бұйрығымен бекітілген, тиісті персоналды басқару қызметі құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік отыз күн ішінде растаған мемлекеттік қызметшінің қызметтік тізімі.

Құжаттар мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның интернет-ресурсында ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күннен бастап 3 жұмыс күнінің ішінде ұсынылуы тиіс.

Қарауға хабарландыруда көрсетілген электрондық пошта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы немесе
«Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі арқылы қабылдау мерзімінде жіберілген құжаттар қабылданады.

Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуына негіз болып табылады.

Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде «Сәтбаев қаласы әкімінің аппараты» ММ өтеді.

Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар  шақырылады,
сондай-ақ сарапшыларды шақыруға жол беріледі.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде он сегіз жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары, оның ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның жұмыскерлері қатыса алады.

Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) шешіміне шағымдана алады.

 

 


Вернуться назад