Жаңалықтар

21.05.2020
Қамқорлық көрсетті

Күнделікті қоғамдық тәртіпті қырағылықпен қадағалайтын полиция қызметкерлері қайырымдылық жасаудан да қалыс қалып жүрген жоқ. Таяуда олар «Біз біргеміз» республикалық акциясына өз үлестерін қосып, қаладағы аз қамтылған отбасыларға көмек көрсетті. Осылайша тәртіп сақтаумен айналысатын полиция қызметкерлері қайырымдылыққа да көңіл бөліп, елдің алғысына бөленуде.

Тәртіп сақшылары аз қамтылған және көпбалалы отбасы санатындағы 9 отбасыға азық-түлік жиынтығын таратты. «Кең болсаң кем болмайсың» деген сөзді ұстанған полиция қызметкерлерінің бұл бастамасы Сәтбаев қалалық Полиция бөлімі басшысының орынбасары Алдияр Әбішевтің тікелей ұйымдастыруымен жүзеге асқанын айта кеткен жөн.

 


Вернуться назад