Жаңалықтар

13.01.2016
Мәселелер талқыланды

Сейсенбі күні қала әкімдігінде кезекті кеңейтілген аппараттық жиын өтті.


13.01.2016
Қызыққа толы қысқы турнир

Қалалық мәдени-сауық спорт орталығының ұйымдастыруымен футболдан өткен Жезқазған, Сәтбаев қалаларының спорт ардагерлері М.Қалибеков пен К.Төленовті еске алуға арналған «Қысқы демалыс-2016» турнирінде Қарағанды, Жезқазған, Сәтбаев қалаларының 6 командасы үш күн бойы спорттық сауықтыру кешеніндегі футбол манежін дүбірге бөледі.


12.01.2016
«Жезқазған жолы жөнделеді» ме?

«Жезқазған-Қызылорда аралығындағы автокөлік жолы қашан жөнделер екен?» деп жұртшылықтың сарыла күтіп жүргеніне қаншама жылдар болды. Ел Парламентіне аймағымыздан депутат болып сайланған ағалардың да қаржы бөлдіру үшін әрекеттеніп баққандары да рас. «Құдай қаласа, келер көктемнен жөндеу басталады» деп, екі алақанды ысқылап отырғанда аяқ астынан әлемдік қаржы дағдарысы деген килігеді де кетеді.»Жезқазғанның жолы жөнделеді» дегенді соңғы рет Қызылорда облысының әкімі Қ.Көшербаев 2014 жылдың 7 қарашасында ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеген еді.


11.01.2016
Соңынан, Бірақ, Оңынан

Кеңес Одағы ыдырап кеткенше ақырын күттік: Тәуелсіздік туралы Декларация 1991 жылдың 16 желтоқсанында жарияланды. Ал, одан сәл ертерек яғни, 8 жел­тоқсанда Беловежье орманындағы Вис­кули резиденциясында Ресей , Беларусь, Украина басшылары бас қосып, КСРО-ны тарату туралы құжатқа қол қойып, Борис Ельцин АҚШ Президентіне телефон шалып: «Господин Президент, Советского Союза больше нет» деп сүйінші сұрап та қойған еді.


08.01.2016
Жеті күнде… Жеті сәби

«Жаңа жыл жарылқасын» дейді атам қазақ. Жарылқағаны емей немене, жаңа жылдың алғашқы жеті күнінде-ақ жеті сәби өмірге келді…


Страницы: 241242243244245246247248249