Жаңалықтар

22.12.2015
«Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік қызметі

Уақыт өзгереді, сонымен бірге коммуналдық қызмет бағалары да өзгереді. Егер Сізде ең төмен зейнетақы болса және коммуналдық қызметтер төлеміне қаражатыңыз жеткіліксіз болса, онда «ХҚКО» арқылы көрсетілетін «Тұрғын үй көмегін тағайындау» қызметін пайдалана аласыз. Қызмет Сіздің тіркелген жеріңіз бойынша көрсетіледі. Сондай-ақ, Сіз тұрғын үй көмегін тағайындауға арналған өтінішті www.egov.kz электрондық үкімет порталы арқылы бере аласыз.


21.12.2015
Алғыс хатпен марапатталды

Сәтбаев қалалық экономика және қаржы бөлімінің сектор меңгерушілері Шапағат Әубәкір мен Айғана Жүсіп Қарағанды облысы әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.


18.12.2015
Ағысқа қарсы жүзген

Ол он жылдан астам уақыттан бері жеке кәсіпкерлікпен айналысып келеді. Нарықтың заңын да, тәртібін де, қиыншылығы мен қызығын да біркісідей жақсы біледі. Мұрат Сманұлы кәсіпкерлік пен қайырымдылықты егіз санайды. Сондықтан да, ол қазіргідей дағдарысты кезеңде кейбір әлеуметтік топтар үшін қызмет ақысына 10 пайыздық жеңілдік белгілеп отыр.


18.12.2015
Ұлық мерекеде баспаналды болды

     Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік  күніне орай Қаныш Сәтбаев даңғылы 156 мекенжайы бойынша  4  қабатты 56 пәтерлі үйдің кілті салтанатты жағдайда табысталды.


18.12.2015
"Forward" сауда-қонақ үй орталығы ашылды

   Тәуелсіздікке тарту ретінде Сәтбаев қаласындағы кәсіпкерлер де өз үлестерін қосуда. Тәуелсіздік күні Қаныш Сәтбаев даңғылы 82 мекенжайында "Forward" сауда-қонақ үй орталығы ашылды.


Страницы: 275276277278279280281282283