Жаңалықтар

20.11.2015
Жалғасын тапқан жеңісті жолдар

Мәдени-спорттық сауықтыру кешенінің жаттықтырушысы, қоян-қолтық ұрыстан спорт шебері Нұрқанат Қуанышбековтың жуырда ғана алты бірдей шәкірті қоян-қолтық ұрыстан республикалық деңгейдегі додадан қомақты жүлдемен оралған болатын.


19.11.2015
Міндеттер межеленіп, мақсаттар айқындалды

«Бүгінде кеншілер қаласында 26 қоғамдық бірлестік жұмыс атқаруда. Соның он алтысы қаланың саяси-қоғамдық жұмысына белсенді түрде атсалысуда», – деп қоғамдық бірлестіктер форумын ашқан қала әкімінің міндетін атқарушы серік имамбай үкіметтік емес ұйымдармен өзара қызмет атқару жөніндегі кеңестің 2015 жылы жүзеге асырылған жұмысы жөнінде ақпарат берді.


18.11.2015
«Ақ желең» жігерлендірді

Арқаның кербез сұлу Көкшетауының баурайында «Балдәурен» лагерінде қараша айының 4-8 аралығында «Атадан – мұра» қорының ұйымдастыруымен өткен «Ақ желең» республикалық өнер байқауында Ы.Алтынсарин атындағы №19 орта мектептің екі бірдей оқушысы қолданбалы өнер жанры бойынша жүлдемен оралды.


18.11.2015
Сәтбаев қаласының 72 орамындағы атауы жоқ көшелерге атау беру мәселесі

Сәтбаев қаласының 72 орамындағы атауы жоқ көшелерге атау беру мәселесі бойынша көпшілік тыңдау 2015 жылдың 16 қарашасында Сәтбаев қаласы Наурыз көшесі, 7 А мекенжайында «№27 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ –нің ғимаратында өтті. Тыңдауға жалпы 75 адам қатысты.


17.11.2015
Үш алтын, екі күміс, бір қола!

Ағымдағы айдың екісі және үші аралығында Қазақ хандығының 550 жылдық торқалы тойына арналып Қарағанды қаласында ұйымдастырылған облыстық қоян-қолтық ұрыстан өткен турнирде жас спортшыларымыз жеңіс тұғырына көтерілді.


Страницы: 281282283284285286287288289