Жаңалықтар

03.01.2019
Күлкіге қарық қылды

Қаламызда мектеп оқушылары арасында Жайдарман сайыстары тұрақты түрде өткізіліп келеді. Әзілкештер мен тапқырлар ойынына қызығушылық білдірген жастардың қарасы қалыңдай түсті. Өткен аптада мектеп құрамалары арасында Тәуелсіздік кубогы сарапқа салынды. Ширек финалдың жеңімпаздары болған «Үштің өзі – күш» құрамасы Астана қаласында өтетін Жайдарман ойындарында қала намысын қорғамақ.


29.12.2018
Құрметті сәтбаевтықтар!

Сіздерді Жаңа - 2019 жылмен шын жүректен құттықтаймын!
Келер жылдың баршамыз үшін оң өзгерістерге, үмітке толы қастерлі жыл болары сөзсіз. 
 


28.12.2018
«Азаматтарға арналған үкімет» Қарағанды облысы бойынша 2018 жылғы жұмысының қорытындысын шығарды

Қарағанды қаласы өңірлік коммуникация қызметінде «Азаматтарға арналаған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Қарағанды облысы бойынша филиалының 2018 жылғы жұмысының нәтижесіне арналған қорытынды брифинг өтті. Онда  мемлекеттік корпорация филиалы директорының орынбасарлары Кульмира Сүлейменова, Руслан Жақыпов, Елена Шарафутдинова және Айдар Амантаевтар халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысы, облыс халқына зейнетақы және  әлеуметтік төлемдерді тағайындау бойынша мемлекеттік қызметтер туралы, жылжымайтын мүлік, жер кадастры және техникалық қамсыздандыру жұмыстары жайлы айтып берді.


27.12.2018
Ардагерлер ардақталып, озаттар мадақталды

«Қазақмыс Мэйнтенанс Сервисиз» ЖШС Тау-кен шахта жабдықтары зауыты мен «Жезқазғансервис» ұжымы Тәуелсіздік мерекесін еңбек табысымен лайықты қарсы алды. Мереке құрметіне арналған шарада кәсіпорын әкімшілігі, «КәсіпҚорған» кәсіподағы және Жастар одағының ұйымдастыруымен ардагерлер мен озаттарға құрмет көрсетіліп, ән мен биден шашу шашылды.


26.12.2018
«Б» корпусының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға Сәтбаев қаласының жергілікті бюджетінен қаржыландырылатын мемлекеттік органдарының мемлекеттік қызметшілерінің арасында ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру

«Сәтбаев қаласы әкімінің аппараты» ММ (101302, Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласы, Қ.И.Сәтбаев даңғылы, 108, анықтама үшін телефон: (871063) 4-00-19, факс (871063) 4-00-19; электрондық пошта: satpaevakim@mail.ru) мемлекеттік әкімшілік лауазымының бос орынына орналасуға конкурс жариялайды:

«Сәтбаев қаласының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автокөлік жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ басшысы (1 бірлік, № 10-1, Е-R-1 санаты).

 


Страницы: 1234567