Жаңалықтар

30.10.2015
Тапсырмалар тиянақталып, міндеттер нақтыланды

Облыс әкімінің бірінші орынбасары Асылбек Дүйсебаев Жезқазған-Ұлытау аймағына іссапармен келді. Ел тарихын тасқа таңбалаған қасиетті қарт Ұлытаудың экономикалық даму бағыт-бағдарымен танысудан жұмыс сапарын бастаған Асылбек Жексенбайұлы кенді қалаға да атбасын бұрып, бірнеше нысандарда болды.


29.10.2015
Жастармен жүздесу

Мемлекеттік тілді оқытуға арналған оқыту-әдістемелік кабинетінде қаладағы индустриалдық, медициналық, технологиялық колледждердің белсенді жастарымен кездесу өтті. Оған «Сәтбаев қалалық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ басшысының орынбасары Б.Жайлаубаев, «Сәтбаев қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автокөлік жолдары, құрылыс және тұрғын үй инспекция бөлімі» ММ-нің сектор меңгерушісі Д.Жүнісбеков, Сәтбаев қаласы бойынша мүлікті жариялау комиссиясының хатшысы М.Жауен қатысты.


28.10.2015
Орамды ойлар ортаға түсті

Б.Балқыбайұлы атындағы мешіттің найб имамы Мәди Берлібеков адамдардың бір-біріне мейілінше мейірімді, қайырымды болып, бір-бірінің қайғы-қуаныштарын бірге бөлісіп, зекет беріп, жақсы туыстық, достық қатынаста болу керектігіне тоқталды.


27.10.2015
Шырқалды достық әндері

Қалалық «Достық» үйінде «Ұлтаралық және конфессияаралық татулық – тәуелсіздік кепілі» тақырыбында дөңгелек үстел өтіп, оның жұмысына қала әкімінің орынбасары Серік Имамбай, қалалық мәслихаттың хатшысы Татьяна Хмилярчук қатысып, өз ойларын ортаға салды.


26.10.2015
Құрметке лайық мамандық

Елбасының Жарлығына сәйкес 2011 жылдан бастап, елімізде қазан айының соңғы жексенбісі әлеуметтік сала қызметкерлерінің күні болып белгіленді. Содан бері бұл мерейлі күн – кәсіби мереке ретінде аталып өтіп келеді…


Страницы: 307308309310311312313314315