Бірінші басшылардың өмірбаяны

Жунусбеков Даур Койшыгариевич - Сәтбаев қаласы әкімінің орынбасары

Туылған күні 22.04.1979 ж.

Ұлты қазақ.

Білімі жоғары.

2004 жылы инженер-құрылысшы, экономист-менеджер мамандығы бойынша Жезқазған қаласындағы О.А. Байқоңыров атындағы университетін бітірді.

Еңбек жолын 2000 жылы Сәтбаев қаласындағы Рудстрой құрылыстық басқармасының мастері, содан кейін бригадир - инженер болып бастады.

2003 жылдан 2011 жылға дейін Жезқазған қаласындағы банк секторында несиелік операциялар маманы, аймақтық директориясының несиелік офицері, "Валют Транзит Банк" АҚ  облыстық дирекциясы директорының орынбасары, "Альянс Банк" АҚ филиалының кепіл заттарын бағалау секторының маманы, "Темірбанк" АҚ несие беру бөлімінің бастығы болып жұмысын жалғастырды.

 2013- 2017 жыл аралығында  "Сәтбаев қаласының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автокөлік жолдары, құрылыс және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" ММ техник инженері, бас маман, сектор меңгерушісі лауазымын атқарды.

2017 жылдың мамыр айынан бастап  "Сәтбаев қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі стратегиялық жобаларды жүзеге асыруды талдау бөлімінің басшысы қызметін атқарды.

2019 жылдың мамыр айынан Жезқазған кентінің әкімі болып тағайындалды.
2020 жылғы 19 мамырдағы №63ө өкімімен Сәтбаев қаласы әкімі орынбасары ның м.а. болып тағайындалды.

Үйленген.

 

Айгуль Қосманқызы Төлендина - Сәтбаев қаласы әкімінің орынбасары
Қарағанды облысының Қарқаралы ауданы Фрунзе ауылында 1963 жылдың 3 маусымында дүниеге келген. Білімі жоғары.
1985 жылы стоматология мамандығы бойынша Қарағанды мемлекеттік медициналық институтын, біліктілігі стоматолог-дәрігер, 2002 жылы экономика және менеджмент мамандығы бойынша Қарағанды экономикалық университетін  аяқтаған, біліктілігі экономист-менеджер.
Еңбек жолын 1984 жылы №2 Қарағанды қалалық балалар ауруханасының медбибісі болып бастаған.
1985 жылдың тамыз айынан бастап Сәтбаев қаласының тіс жөндеу поликлиникасының тіс дәрігері болып жалғастырды.
1999 жылдың қыркүйегінен 2008 жылдың қазан айы аралығында «Нұр Отан» Халықтық-демократиялық партиясының Сәтбаев қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарып, қосымша қызметте «Сәтбаев қаласының мемлекеттік мұрағаты» мемлекеттік мекемесінің директоры лауазымын атқарды.
2008 жылдың қазанынан «Сәтбаев қаласының мемлекеттік мұрағаты» мемлекеттік мекемесінің директоры болып жұмыс істеді.
Сонымен қатар, Сәтбаев қалалық мәслихатының IV, V, VI шақырылымдарының депутаты болып сайланды. 
«Нұр Отан» депутаттық фракциясының төрағасы болған. Сәтбаев қалалық саяси көшбасшылар мектебінің белсенді мүшесі. 
2017 жылдың 1 наурызынан бүгінгі уақытқа дейін – Сәтбаев қаласы әкімінің орынбасары. 
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың алғыс хатымен бірнеше рет мараптталған, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл», «Белсенді қызметі үшін» «Нұр Отан» партиясының, «Қазақстан Республикасының Мәслихатына 20 жыл», «Қазақстан Даңқы» медальдарымен марапатталған.
Тұрмыста. 2 баланың анасы.

 

Абдрахаев Батыр Есинтаевич Сәтбаев қаласы әкімінің орынбасары
Туылған күні 12.11.1990 ж. 
Ұлты қазақ
Білімі жоғары
2012 жылы экономика мамандығы бойынша Сулейман Демирель атындағы университетін бітірді, 2018 жылы құқықтану мамандығы бойынша М.С. Нарикбаев атындағы Қазақ мемлекеттік гуманитарлық заң университетін бітірді.
Еңбек жолын 2012 жылы «Қарағанды облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде инженерлік-техникалық басқару, іс-жүргізу, ғимараттарды күтіп ұстау бөлімінің инженер - бас маманы болып бастады.
2013 жылдың сәуір айынан бастап Сәтбаев қаласы әкімінің кеңесшісі қызметін атқарды.
2013-2014 жылдары -  Екібастұз қаласында «АльянсТоргСтрой» ЖШС-да экономист болып жұмыс істеді. Әрі қарай Астана қаласында «Нұр Отан» Шаруашылық басқару» ЖШС-де ұйымдастыру-кадрлық жұмыс жөніндегі сарапшысы, Астана қаласы «Нұр Отан» партиясының Орталық аппараты активтер басқармасы Департаментінің консультанты  қызметін атқарды.
2016-2018 жылдары – Сәтбаев қаласының «Қазақстан» Спорттық сауықтыру кешені» КМҚМ-нің басшысы болып жұмыс атқарды.
2018-2019 жылдары «Сәтбаев жылу, сумен жабдықтау кәсіпорны» ЖШС-де экономика сұрақтары бойынша директордың орынбасары лауазымын атқарды.
2019 жылғы 4 маусымындағы №75ө өкімімен Сәтбаев қаласы әкімі орынбасары болып тағайындалды.
Үйленген.

 

Нысанбаев Алмаз Серікбай ұлы - Сәтбаев қаласы әкімі аппаратының басшысы 

Туған жылы 29.01.1980 ж.Туған жері Сәтбаев қаласы 

Ұлты қазақ

Білімі жоғары

2001 жылы Е.А.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітіреді

Бітірген мамандығы- құқықтану, заңгер 

2001ж. – 2007ж. – қала әкімінің көмекшісі 

2007ж. – 04.2008ж. – «Қазақмыс» Корпорациясы» ЖШС жер ресурстары мен жылжымайтын мүліктер Басқармасының бас маманы

06.2008ж. – 07.2008ж. – Сәтбаев қаласы әкімі аппаратының ұйымдастыру және кадрлармен жұмыс бөлімінің басшысы

Әкімнің 2009 жылдың 20 сәуірдегі өкіміне байланысты Сәтбаев қаласы әкімі аппаратының басшысы қызметіне тағайындалады. 

Үйленген. Төрт баланың әкесі.